Шығыс – Қазақстан облыстық
сәулет-этнографиялық және
табиғи-ландшафтық
мұражай-қорығы

МҰРАЖАЙ-ҚОРЫҚТЫҢ ҚОРЫНДАҒЫ ТІЗІМДЕМЕЛЕР


Қазақтардың зергерлік әшекейлері

Мойынға тағатын әшекей, тұмарлар

Мойынға арналған әшекей

33. Тамақша – мойынға арналған әшекей

ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басы

500, 600, 750, 875 сынамалы күміс, ақық

Сымкәптеу, қалыптау, алтын жалату, бедерлеу, өру

17,1 х 4,5 (см); 10,4 см (салпыншақтың ұзындығы)

69 г 7 мг (а)

72 г 73 мг (б)

Екі қапталы дөңгелектелген тікбұрыш пішінді екі бөлшектен және шынжырбаулардағы он екі салпыншақтан тұрады.

Заттың ортаңғы беті сары түсті, мүйіз түріндегі өрнектермен әшекейленген. Әр бөлшектің ортасында қасқа қондырылған қызыл қоңыр тас бар, оның үстіне екі металл жолақ айқас орналасқан. Заттың әрбір бөлшегі өрнекті сымкәп жиекке орнатылған.

Бұйымның негізгі бөлшектері топсалы тәсілмен жалғанған. Оң жағындағы әр бұрышта екі дөңгелек ілмек, әшекейдің сол жағында қапсырмаға таяу үш дөңгелек ілмек орналасқан, ортасындағы – шағын диаметрлі. Дөгелектенген шеттерінің екі жағынан шығыршықты шағын ілмектер бекітілген.

Әшекейдің төменгі бөлігіне шынжырбауларға он екі найза тәрізді салпыншақ бекітілген (әр жағында алты-алтыдан).

Кәсіби зергер әрі коллекционер Бәшіров Сержан Мұратұлынан сатып алынған, ол 1964 жылы туған, Алматы қаласының тұрғыны, ШҚО Тарбағатай ауданының тумасы.

Өзбекстан, Навойи облысының Тамды ауданы

2005 жыл

КП – 40 - 26968/а, б / КДМ зсв 1 – 189

№ 134 акт – 2005 жыл

Тұмарлар


Тұмарлар

34. Бойтұмар

ХІХ ғасыр соңы

800, 875 сынамалы күміс

Сымкәптеу, түйіршік, бедерлеу, керту, өру, дәнекер

10,7 х 1,5 (см)

32 г 34 мг

Түтік тәрізді екі негізгі бөліктен және шынжырбаулардағы жеті салпыншақтан тұрады.

Түтік тәрізді, қуыс, алып-салатын құрастырмалы екі бөліктен тұрады, ұштары конус тәріздес, бір шоғыр түйіршіктермен бітеді. Конус тәріздес ұштары екі қатар тегіс сымкәптеумен және үш қатар кертпесі бар сымкәптеумен сәнделген. Тұмардың жоғарғы бөлігінде орта көлемді екі ілмек бар. Түтік тәрізді бөлігі алты жерінен шеңбермен құрсауланған, олар ұсақ кертпемен безендірілген. Шеңберлердің арасындағы жерлер зооморфты өрнекпен бедерлеу техникасында әшекейленген.

Тұмардың төменгі бөлігінде – шынжырбауларға ілінген жеті найза іспеттес шағын қуыс ілгек. Салпыншақтардың үсті дөңес, асты жайпақ.

Кәсіби зергер әрі коллекционер Бәшіров Сержан Мұратұлынан сатып алынған, ол 1964 жылы туған, Алматы қаласының тұрғыны, ШҚО Тарбағатай ауданының тумасы.

Қызылорда облысы

2005 жыл

КП – 40 - 26962/а, б / КДМ зсб 3 – 466

№ 131 акт – 2005 жыл

13000 теңге


35. Тұмар

ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басы

600, 800, 875 сынамалы күміс, темірлі кварц

Қалыптау, бедерлеу

9 х 5 (см)

22 г 50 мг

Үшбұрышты үлгідегі негізгі бөліктен және шынжырбаулардағы алты салпыншақтан тұрады.

Тұмар үшбұрышты, шеттері тіс-тіс болып келген, ортаңғы дөңес үшбұрышты бөліктің ортасында қоңыр түсті темірлі кварцтан ендірме бар. Ортаңғы бөлік пен тұмардың шеттері негізінен ұсақ айшықтармен әшекейленген.Үшбұрышты тілімнің төбесінде шығыршық енгізілген тесік бар.

Тұмардың негізгі бөлігінде тесіктер бар, оларға тиын теңгелерден (d – 1,4 см) жасалған алты салпыншақ енгізілген.

ҚР Мемлекеттік алтын және бағалы металлдар музейі (Астана қаласы) сыйлаған. МАБММ қорына бұйым 1992 жылы Қостанай қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайынан түскен.

Солтүстік Қазақстан

2003 жыл

КП – 34 - 25358 / КДМ зсв 1 – 170

№ 35 акт – 2004 жыл

Сыйлық


36. Тұмар

ХХ ғасырдың басы

500, 800 сынамалы күміс, ақық тас

Сымкәптеу, түйіршік, дәнекерлеу

12,3 х 3,9 (см)

25 г 7 мг

Өзара қозғалмалы етіп қосылған үшбұрышты түріндегі екі негізгі бөлік пен жеті салпыншақтан тұрады.

Үшбұрышты жоғарғы тілімнің көлемі кішірек, үш шоғыр түйіршікпен әшекейленген. Төменгі үшбұрыштың бет жағы сары түсті, ортасында – жақтаулы ақық тас. Үшбұрышты тілімдердің шеттері сымкәптеумен және түйіршіктермен сәнделген. Жоғарғы үшбұрышты тілімнің төбесінде шығыршық енгізілген ілмек бар.

Бедерлі өрнектері бар жапырақ түріндегі салпыншақтар ілмектер мен шығыршықтар арқылы үшбұрыштарға бекітілген. Екі салпыншақ – жоғарғы үшбұрышқа, шынжырбаулардағы бесеуі –төменгі үшбұрышқа.

Кәсіби зергер әрі коллекционер Бәшіров Сержан Мұратұлынан сатып алынған, ол 1964 жылы туған, Алматы қаласының тұрғыны, ШҚО Тарбағатай ауданының тумасы.

Қостанай облысы (болжаммен)

2002 жыл

КП – 28 - 24178 / КДМ зсв 1 – 138

№ 169 акт – 2002 жыл


37. Тұмар

ХХ ғасыр басы

500, 800 сынамалы күміс, ақық тас

Сымкәптеу, түйіршік, дәнекерлеу

11 х 2,9 (см)

35 г 49 мг

Сопақ пішінді негізгі бөлік пен қысқа шынжырбаудан тұрады.

Негізгі бөлік – сымкәптеу және керту техникасында орындалған жақтаудағы ақық тас (4,3 х 3 (см)). Тастың оң жақ бетінде екі өрнекті жолақ бар, олар қас бетті үш бөлікке бөліп тұр. Үсті мен астына екі торкөз тоға дәнекерленген, жоғарғысында ілмек бар және ұштарына шығыршықтар ілінген алты буынды қысқа шынжырбау бар.

Кәсіби зергер әрі коллекционер Бәшіров Сержан Мұратұлынан алынған, ол 1964 жылы туған, Алматы қаласының тұрғыны, ШҚО Тарбағатай ауданының тумасы.

Батыс Қазақстан (болжаммен)

2002 жыл

КП – 28 - 24178 / КДМ зсв 1 – 139

№ 169 акт – 2002 жыл

Сыйлық


38. Тұмар бөлшегі

ХХ ғасыр басы

750 сынамалы күміс, ақық

Бедерлеу, жозылау

6,1 х 4,7 (см)

7 г 171 мг

Тең бүйірлі үшбұрыш түріндегі тілімнен тұрады, оның ортасында күрең қызыл түсті ақықтан ендірме (1,5 х 1,1 (см)). Сопақ пішінді ендірменің саты тәрізді жиегі бар. Тілімнің оң жақ бетінде мүйіз тәріздес өсімдіктік-зооморфтық өрнек бедерленген.

Қайша Салықова сыйлаған, ол 1907 жылы туған, Ұлан ауданы Бестерек ауылының тұрғыны. Иесінде тұмар балалық шағынан бастап болған, кейін балалары сындырып алған.

ШҚО Ұлан ауданы

1985 жыл

КП – 7 -16001 / КДМ зсв 1 – 50

№ 54 акт – 1985 жыл

Сыйлық

Беттің басына© 2010 Шығыс – Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы